
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комтеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы Өнірлік кәсіпкерлер Палатасының өкілдерімен, салықтөлеушілерімен мүдделі тұлғалармен талқылау жүргізілді.
Бизнес шығасыларын қайта реттеу және азайту, әкімшілік кедергілерді жою және кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мен инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүргізілген саясатты ескере отырып, заңнаманы бірқатар бағыттар бойынша жетілдіру талап етіледі.
Жоғарыда аталған міндеттерді іске асыру мақсатында заң жобасында:
Мүлік салығын және жер салығын реформалау
Мүлік пен жерге салынатын салықты жеке тұлғалардан салық элементтерін (салық салу объектісі, салық базасы, ставкалар, есептеу және төлеу тәртібі) өзгертпей біріктіру ұсынылады.
Сондай-ақ, көп пәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығын жою ұсынылады, себебі бұл объектілердің көп санына және есептеу күрделілігіне байланысты салық сомасы мен әкімшілендірудің едәуір шығындарына байланысты.
Акциздердің фискалдық функциясын күшейту
Салық салу базасын кеңейту өзекті мәселе болып табылады, оның ішінде «сән-салтанат» заттарына және денсаулық үшін зиянды өнімдерге жоғары салық салу жолымен. Бұл міндет акциз ставкаларын ұлғайту арқылы іске асыру ұсынылады.
Мәселен, сыраға және сыра сусынына, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, құрамында никотин бар сұйықтықтарға акциз ставкаларын кезең-кезеңмен ұлғайту көзделген.
Электрондық сигареттерде пайдалану үшін қыздырылатын темекісі бар (ҚТБ) және құрамында никотин бар сұйықтығы бар (НСБ) бұйымдарға
2019 жылға акциздердің нөлдік ставкасы, ал 2020 жылдан бастап ҚТБ үшін темекі қоспасының бір килограмы үшін 7345 теңге және НСБ миллилитр үшін 5 теңге белгіленді.
Сонымен қатар, басқа елдердегі, соның ішінде ЕАЭО елдеріндегі акциз ставкаларын, сондай-ақ осы өнімдерді импорттаушылардың және темекі өнімдерін өндірушілердің ұсыныстарын ескере отырып, 2021 жылдан бастап мөлшерлемелерді кезең-кезеңмен ұлғайту ұсынылады.
Сондай-ақ, «сән-салтанат» заттары ретінде қымбат тұратын алкоголь және темекі өнімдеріне жоғары салық салу ұсынылады.
Қосылған құн салығын салуды жетілдіру
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында электрондық нысанда қызметтерге салық салу тетігі жоқ.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаларға электрондық түрде қызмет көрсететін шетелдік интернет-компанияларды міндетті тіркеу және қосылған құн салығын төлеу көзделеді.
Бұдан басқа, "электрондық нысандағы қызметтер"ұғымын енгізу ұсынылады.
Қызметті жүзеге асыру орны Қазақстан Республикасының аумағы болып саналады.
Жергілікті авиакомпанияларды дамыту мақсатында, егер жұмыстар орындалған және көрсетілетін қызметтер әуе кемесін жалға беру жөнінде жүз пайыз мемлекеттік қатысумен әуе тасымалдарын жүзеге асыратын резидент заңды тұлғаларға көрсетілген болса, резидент еместен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымнан шығарылады.
Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құюды жүзеге асыратын салық төлеушілерді қолдау үшін осы айналымдарға ҚҚС нөлдік ставкасы бойынша салық салу ұсынылады. Қазіргі уақытта бұл жеңілдік тек әуежайлар үшін қолданылады. Салық салудың бірдей ережелерін белгілеу мақсатында шарттарды теңестіру ұсынылады.
Көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін дамыту үшін дилердің өндірушіден ҚҚС-сыз сатып алынған көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын сатуы кезінде ҚҚС-тан босатуды қарастыру. Қазіргі уақытта бұл жеңілдік осы тауарларды өндірушінің өзі өткізген кезде әрекет етеді. Салық салудың бірдей ережелерін белгілеу мақсатында шарттарды теңестіру ұсынылады.
Қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) жолаушылар тасымалын дамыту мақсатында қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста жолаушылар мен жүктерді тұрақты автомобиль тасымалдау қызметтерді ҚҚС-тан босату ұсынылады.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуды одан әрі ынталандыру мақсатында мақта-мата талшығын, мақта талшығын дайындау, қант қызылшасын қайта өңдеу, кондитерлік бұйымдар өндіру, ашытқы өндіру бойынша жеңілдікті салық салу ұсынылады.
Бұдан басқа, отандық өнімнің экспортын қолдау және дамыту мақсатында экспортқа өткізу кезінде сыра бойынша салық базасын түзету көзделеді.
Көліктік машина жасауды оқшаулау деңгейін арттыру мақсатында өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын көлік құралдарының компоненттерін, ауыл шаруашылығы техникасының компоненттерін және техниканың жаңа түрлерін өткізу бойынша айналымдарды ҚҚС-тан босату, сондай-ақ көлік құралдарының компоненттерін, ауыл шаруашылығы техникасының компоненттерін және техниканың жаңа түрлерін өндіру үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) материалдар импортын ҚҚС-тан босату ұсынылады.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін жетілдіру
Жерасты ұңғылап шаймалау әдісімен уран өндіру процесінің технологиясы негізінде уран саласында қышқылдануға күкірт қышқылын есепке алу әдісін біріздендіру мақсатында қышқылдануға күкірт қышқылымен тау-дайындық жұмыстарының амортизацияланатын активтерінің тізбесін толықтыру ұсынылады.
Салық кодексінің және жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің нормаларын сәйкестікке келтіру мақсатында өндіру ұғымының екі жақты түсіндірілуін алып тастау қажет.
Жер қойнауына жер асты суларын айдау қабаттық қысымды ұстап тұру және техногендік суды сору үшін екі түрлі технологиялық процесс болып табылатындықтан, көмірсутектермен бірге өндірілген және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін жер асты суларын кәдеге жарату кезінде пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеуден босату ұсынылады, өйткені жер қойнауын пайдаланушының басқа да пайдалы қазбалармен бірге өндірілген суды кәдеге жарату жөніндегі қажеттілігі бар.
Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларға қол қойылатын бонус ставкаларын қайта қарау ұсынылады. Барлауға арналған лицензияға қол қойылатын бонустың қолданыстағы ставкалары өндіруге арналған лицензияның ставкасына қарағанда жоғары. Жер қойнауын пайдалану кезеңіне байланысты ставкалардың әділ градациясын белгілеу ұсынылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларының енгізілген өзгерістеріне байланысты кенге жатпайтын өзге де минералдық шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларын сәйкестікке келтіру көзделуде.
Шара барысында заң жобасы бойынша ескертулермен толықтырулар хаттамаға түсіріліп Мемлекеттік кірістер комитетіне жолданды.