Date of publication: 16.09.2019 15:51
Date of changing: 16.09.2019 15:53

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары Мұратбек Мусин «Хабар» 24 телеарнаның тілші Дамир Шайдаровтың көлеңкелі айналыммен күрес бойынша сұрақтарына жауап берді.

 

Ағымдағы жыл басынан бастап Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлер 133 тексеру өткізіп, олардың нәтижесінде  алкоголь өніміндері 8 мың 929 бөтелке, акцизсіз 80 пачка темекі заңсыз айналымыннан шығарылды, сонымен қатар ілеспе жүкқұжатсыз 12,7 тонна мұнай өнімдерін тасымалдау фактісі анықталды.

   Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281,282,283,463 б. бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып сотқа жолданды.

    Сотпен жалпы сомасы 14 млн. 462,5 мың теңге әкімшілік айыппұл салу туралы шешім шығарылды, казіргі танда соттың қарауында жалпы сомасы 2 млн. 565 мың  тенге көлімінде бойынша әкімшілік материал бар.

Айта кету керек, бұзушылықтардың көбісі – 64  оқиға, бұл лицензиясыз  қызмет бұл ретте «Көкшетау минерал сулары» АҚ, «Сarlsberg» ЖШС, «Эфес Казахстан» ШК АҚ және тағы басқа танымал өндірушілердің маркасымен алкоголь өнімі сатылады.

  Атап айтсақ жүргізілген тексеру шараларын оң әсерлерін бірі –алкоголь өнімін сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін салық төлеушілердің өтініштерін өсуі болып табылады.

Ағымдағы жылдың 1 шілденен бастап келіп түскен өтініштер бойынша 78 лицензия берілді ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 59 лицензия  берілді.

Сонымен қатар, ілеспе жүкқұжаттарсыз, сәйкестендіруге келмейтін есеп-бақылау таңбаларымен алкоголь өніміндерінің сату фактілер байқалуда.

Кейбір Мемлекеттік кірістер басқармаларын мысалында:

Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері салықтық тексеру барысында Алматы–Екатеринбург тас жолына жақын орналасқан Арайлы ауылында жанармай құю станциясында ілеспе жүкқұжаттарсыз мөлшері 2 мың 294 литр жалпы сомасы 396 мың 862 теңге АИ -95 маркасы бензин сақтау фактісі анықталды.

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281 б. т.5 тт.2 бойынша сәйкес мұнай өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарсыз айналымы, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын алынған бұзушылық жасау нәтижесінде, немесе онсыз мұнай өнімдері тәркілене отырып.

Аталған факті бойынша әкімшілік материал түзіліп және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Анықталған мұнай өнімдері жауапты сақтауға қойылды.

 

Кокшетауда  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  тексеру іс-шаралар жүргізу барысында «Жеке Батыр» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» занның бұзу фактісі - тиісті лицензиясыз алкоголь өнімін сақтауы анықталды.  

Тексеру барысында 390 бөтелке анықталды, оның ішінде металл банкада әр түрлі атаулар сыралар  -  293 дана, арақ - 59 бөтелке, коньяк 36 бөтелке, шарап - 2 бөтелке.

 

Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша алкоголь өнімінің  ілеспе жүкқұжаттарсыз саны 300 литр 2 фактісі анықталды.  

     

Степногорск  қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлерімен Ақсу кентінде М. жеке кәсіпкерімен  мөлшері 65 литр саны 13 дана пластик ыдыста алкоголь өнімдерін сату фактісі анықталды.

 

 Астрахан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша бес кәсіпкерлерде ілеспе жүкқұжаттарсыз саны 175 бөтелке тәркіленді.

Жіберілген материалдар бойынша аудандық соттар  шығарылған  шешімдерімен  Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 282 бабы бойынша аталған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.

 Қолдан жасалған спиртті ішімдіктер халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп келтіретуіне  байланысты акциздік өнімнің заңсыз айналымы фактілері бойынша  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 8(7162) 72-11-78 сенім телефонына хабарласуға болады.