Date of publication: 19.09.2019 18:51
Date of changing: 23.09.2019 12:23

  Акмола облысының өңірліқ коммуникациялар қызметінде «Салықтық рақымшылық» тақырыбы бойынша брифинг өткізілді.

    Іс-шараны аша отырып Акмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасары Бауыржан Шәйкенов Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқаны туралы атап өтті. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған негізгі салық борыш сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығарылады.

        Салықтық рақымшылыққа жатпайды:

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суларын, емдік балшықты өндіру құқығына ие болғандықтан ғана осындай болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда), акцизделетін өнім өндірушілер рақымшылық жасауға жатпайды.

Ағымдағы жылдың 01 қыркүйек жағдайы бойынша Ақмола облысында рақымшылықпен  пайдаланған салық төлеушілердің саны 1596 салық төлеуші. Нәтижелері бойынша 57,2 млн.  теңге  өсімпұл және айыппұл есептен шығарылды, 238 млн.теңге  негізгі салық борыш сомасы төленген.

Салық төлеушілерге рақымшылық жасау үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, себебі, мемлекеттік кірістер органдары күн сайын дербес шоттардың жай-күйіне мониторинг жүргізіп, негізгі қарызды төлеу кезінде үш жұмыс күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады. Негізгі борыш сомасын, өсімақы мөлшерін салық  төлеушілер «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшаларындағы жеке шоттан үзінді көшірмені алып  анықтай алады

Бұдан басқа, рақымшылық салық төлеу мерзімін бұрын алған немесе оңалту рәсімінде тұрған салық төлеушілерге де қолданылады, егер мұндай салық төлеушілер салықтық рақымшылық жасауға пайдаланса, бюджетке негізгі борыштың сомасын, онда есептен шығару үшін өсімпұлдарды және айыппұлдарды олар мерзімінен бұрын төлеуге. Бұдан басқа, оңалту рәсімінен өтіп жатқан салық төлеушілер оңалту жоспарына өзгерістер енгізуі, өзгерістерді кредиторлар жиналысымен келісуі және оларды сот бекітуі қажет.

        Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетімен салықтық рақымшылық жасауға жататын тұлғалар шеңбері кеңейтілді.

 «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына толықтырулар енгізілді (толықтырулар 2019 жылғы 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді):

- 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қарызы жоқ салық төлеушілерге тексеру актісі бойынша есептелген сомалар шағымдану сатысында болуына байланысты;

- 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қарызы жоқ салық төлеушілерге тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі келмеуіне байланысты (30 жұмыс күні);

- өткен салық кезеңдері үшін салық төлеушілер салық кодексінің ұсынылуына байланысты қарыз 2018 жылғы 1 қазаннан кейін пайда болған салық төлеушілерге.

Салық төлеушілердің бірінші және екінші санаттары бойынша, салықтық рақымшылық жасауға енді оларға қатысты салықтық тексерулер жүргізілген тұлғалар жатады, алайда, бұл салық төлеушілер салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама бойынша төлеу мерзімдері басталмағанына немесе салық төлеуші тексеру нәтижелеріне шағым жасауына байланысты 2018 жылдың 1 қазанына салық берешегі болған жоқ.

Салықтық рақымшылық жасауға жататын салық төлеушілердің үшінші санаты - 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі кезеңдер үшін салық есептілігінің қосымша нысандарын ұсынған және 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін өсімпұл сомасын төлемеген салық төлеушілер.

Осылайша, салық төлеуші ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша салық есептілігінің нысанында есептелген сомаларды төлеген жағдайда,  мұндай салық төлеуші салықтық рақымшылықты пайдалануға құқысы бар.

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінен бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық басталды.

Негізгі қарызды төлеген кезде пайыз сомасы жеке және заңды тұлғалардан алынады.

Азаматтардың екі санатына салықтық рақымшылық жасалады.

Бірінші санаты - бұл салық міндеттемелерін орындамаған жеке тұлғалар (көлікке, жерге және басқаларға төленбеген салық).

Бірінші санаттағы  салықтық рақымшылықпен 30 мың адам  қолданды , жалпы 63 млн. теңге сомасы есептен шығарылды.

Екінші санаты - бұл жеке кәсіпкерлік субъектілері ретінде тіркелмеген, салықтық қарыздары бар жеке тұлғалар (15 жыл бүрын жалпы республикалық ақпараттық жүйеге көшу кезінде пайда болған қарыз).

Осы санаттағы тұлғаларға  жалпы салық берешек сомасы есептен шығарылады.

Бүгінгі күнге осы санаттағы 89 жеке тұлғаларға  949 мың теңге берешек сомасы есептен шығарылды.

 Есептен шығаруды Мемлекеттік кірістер органдар  Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі уәкілетті органымен бекітілген  тәртібімен жүргізеді.

Өсімпұлды есептен шығару жөніндегі Ережеге сәйкес, әрбір аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында өсімпұл сомасын есептен шығару жөніндегі комиссия құрылды.

Салық төлеушілерге ол үшін ешбір ұйымға жүгінудің қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер қызметінің мамандары күнделікті мониторинг жасап, қарыздың негізгі бөлігін өтегенедердің өсімпұлын автоматты түрде алып тастап отырады. Егер салық бойынша өткен жылғы негізгі қарызын және өсімпұлды төлеген отандастарымыз болса, олардың өсімпұл үшін төлеген ақшалары қайтарлып беріледі. Ол үшін мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш жазу керек.

Берешек сомасы өтелген салық төлеушілерді іріктеу үшін күн сайын дербес шоттар түгенделеді, 3 жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушінің дербес шоттары бойынша шешім шығарылған өсімпұл есептен шығарылады.

Мойныңыздағы борыш сомасын  мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтынан немесе электронды үкімет (E-gov.kz) порталы арқылы біле аласыз.

Негізгі қарызды төлеген кезде пайыз сомасы жеке және заңды тұлғалардан алынады. Алайда бұл мүмкіндік осы жылдың 31 желтоқсанынан кейін өз күшін жоятын болады.

Өткізілген іс-шара барысында брифинг қатысушаларынан түскен сұрақтарға толық жауап қайтарылды.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің фейсбук әлеуметтік желесінде ttps://www.facebook.com/Департамент-государственных-доходов-по-Акмолинской-области- сілтеме бойынша және инстаграм @dgd_aqmol  сілтеме бойынша жазылып Мемлекеттік кірістер органдарының қызметіндегі әкімшілендіру жаңалықтары туралы жаңалықтарды білсеңіздер болады.