Date of publication: 30.09.2019 11:12
Date of changing: 30.09.2019 11:14

Елімізде тиімді әрі кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасмы  Тұңғыш Президенті – Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Жас талантты қазақстандықтарды қолдау аясында мемлекеттік қызметте де жекелеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Президент Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру міндеті қойылды.

Кадрларды жалдау, даярлау және ілгерлету жүйесі жетілдірілді, персоналды басқарудың заманауи құралдары енгізілді, мемлекеттік қызметкерлердің сапалық құрамы артты.

Мемлекет басшысы резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы тиіс екенін айтқан еді. Іріктеуге түрлі салалардың өкілдері, түрлі кәсіп иелері қатыса алады. Олар міндетті түрде мемлекеттік қызметкер болуы шарт емес, квазимемлекеттік сектор, жекеменшік сектор, азаматтық қоғам өкілдері бола алады. 

Резерв жедел шешім қабылдауға қабілетті, құбылмалы жұмыс жағдайларына жылдам икемделе алатын “жаңа формация” басшылары бола алатын мемлекеттің жоғары басқарушылық қызметтеріне әлеуетті үміткерлерді біріктіретін болады. 

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  қызметкерлері

Аслан Абдрахманов пен Арман Кульжанов Президенттік жастар кадрлық резервінің іріктеуіне қатысуда.

 

Сонымен қатар, олар «Мен Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысамын»

челленджке қысқа роликтер дайындады.

Бейнероликтардың толық нұсқасын https://youtu.be/IXmAqCzkMoA  и https://youtu.be/sNADOOc6-Jc  сілтемесі бойынша көре аласыз.