Date of publication: 03.10.2019 12:41
Date of changing: 03.10.2019 15:27

Виртуалды қойма-автоматты режимде тауарлардың орын ауыстыруын бақылауға арналған Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің жаңа модулі.
Жаңа модульдің көмегімен мемлекеттік органдар онлайн режимде оларды Қазақстан Республикасына әкелу немесе ел аумағында өндіру кезінде және оларды есептен шығару, сату және өзге де істен шығару сәтіне дейін қызығушылық танытқан тауарлардың қозғалысын бақылай алады. Салық төлеушілер үшін бұл мұндай тауарлар бойынша Виртуалды қойма серверінде онымен барлық операцияларды тіркеу қажет.
ЭШФ АЖ-де тіркелген пайдаланушылар үшін жаңа модульмен жұмыс істеу үшін жеке тіркеу талап етілмейді. Электрондық шот-фактуралар жүйесінде жұмыс істейтін сол кілтті және сол парольді пайдалана отырып, жаңа порталға кіруге болады.

 «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына сәйкес  «Виртуалды қойма» модулі мынадай тауарлар санаттарына:

- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – автокөлік құралдарына, сондай-ақ ҚҚС бойынша бақылау шоттары қолданылған жағдайдағы тауарларға; 

- 2019 жылғы 1 шілдеден бастап – қант-қант шикізатына,  тоңазытқыштарға, теледидарларға;

- 2019 жылғы 1 қазаннан бастап – шаңсорғыштарға, электрлі қыздырғыш кедергілеріне, фотокамераларға қолданылатынын хабарлайды.

«Виртуалдық қойма» модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесі Комитеттің https://kgd.gov.kz/ru/content/virtualnyy-sklad-1 порталында жарияланған.

Бұл ретте «Виртуалды қойма» модулінде электронды шот-фактуралар жазып беру мынадай екі тәсілмен:

- «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің https://esf.gov.kz:8443/esf-web/login web-қосымшасы;

- «Виртуалды қойма» модулін https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-web-prilozheniya-elektronnye-scheta-faktury-s-modulem-virtualnyy-sklad-1 салық төлеушілердің есепке алу жүйесімен интеграциялаудың АPI-механизмі арқылы жүзеге асырылады.