Date of publication: 11.10.2019 18:30
Date of changing: 11.10.2019 18:31

Бухгалтерлер күні қарсыңында Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері бухгалтерлерге және басшыларға  арналған, «Софт Мастер» компаниясымен ұйымдастырылған, бірыңғай семинарға қатысты.

Мемлекеттік кірістер басқармасының басшының орынбасары Марина Орлова Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқаны туралы атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетімен салықтық рақымшылық жасауға жататын тұлғалар шеңбері кеңейтілді.

Салықтық рақымшылықтың келесі салық төлеушілердің санаттарына қолдануды көздейтін толықтырулар енгізілді.

Салық төлеушілердің бірінші және екінші санаттары бойынша, салықтық рақымшылық жасауға енді оларға қатысты салықтық тексерулер жүргізілген тұлғалар жатады, алайда, бұл салық төлеушілер салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама бойынша төлеу мерзімдері басталмағанына немесе салық төлеуші тексеру нәтижелеріне шағым жасауына байланысты 2018 жылдың 1 қазанына салық берешегі болған жоқ.

Салықтық рақымшылық жасауға жататын салық төлеушілердің үшінші санаты - 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі кезеңдер үшін салық есептілігінің қосымша нысандарын ұсынған және 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін өсімпұл сомасын төлемеген салық төлеушілер.

Осылайша, салық төлеуші ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша салық есептілігінің нысанында есептелген сомаларды төлеген жағдайда,  мұндай салық төлеуші салықтық рақымшылықты пайдалануға құқысы бар.

Қазіргі уақытта сонғы өзгерістер күшіне енгеннен кейін 22 салық төлеушілердің 7 млн.  800 мың теңге өсімпұлы есептен шығарылды. жалпы облыс бойынша рақымшылықпен  пайдаланған 1464 шағын және орта бизнес субъектілер. Нәтижелері бойынша  56 млн 480 мың теңге  өсімпұл есептен шығарылды.

2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимін келесі іс-әрекет түрлерін: сылақ жұмыстарын; ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын; еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды; бояу және шынылау жұмыстарын;такси қызметін;  автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды; фотография саласындағы қызметті және басқа да қызметер қолдануға құқылы деп  салық төлеушілердің ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының және салықтық тіркеу бас маманы Шынар Абай өз сөзінде атап өтті.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет.

Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.

Одан басқа, бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылу күшін жояды. Сол себепті, соңғы күнді күтпей online бақылау-касса машиналарын сатып алуларыңызды сұрайды.

Шара барысыныда семинар қатысушалардан түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.