Date of publication: 23.10.2019 12:40
Date of changing: 23.10.2019 12:43

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (ПИ-29923) Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 2019 жылғы 23 қыркүйекете мақұлданғандығын хабарлайды.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген жоба шеңберінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап алып тасталатын болады.

Сәйкесінше аталған өзгерістердің қолданысқа енгізілуінен кейін азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етілуін болдырмау қажет.

   Осылайша, барлық мүмкін мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, елшіліктер мен консулдықтарда, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдарда – қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмеуі қажет.