Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының салық салу заңының кедендік әкімшілендіру саласына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша күшіне еңген.
Өзгерістер Ұлт Жоспарын 100 нақты қадам және бес институционалды реформаларын іске асыру, салықтық және кедендік әкімшілендіру жүйесін жетілдіруін жүзеге асыруға бағытталған
Жаңалық бизнес-процестерін оңайландыру, салық салынатын базаны кеңейту және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру, әкімшілендіру тиімділігіне бағытталған
Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бақылау-касса машиналарын қолдану мәселесі бойынша, Заңнамаға жаңа еңгізілген өзгерістер бойынша салық төлеушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Іс-шара барысында Қосшы ауылы және «Лесная Поляна» шағын ауданында салық төлеушілерге фискалдық чектерді орнында есептеу, тауарлар сатып алу туралы заңды талаптары, міндеттері мен шаралары бойынша 135 түсіндірме хаттар мен жадынамалар қолма-қол ұсынылды.
Жеке кәсіпкерлер назарына бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу және есепке қою қажеттілігі туралы тиісті ақпарат жеткізілді