Date of publication: 30.10.2019 19:29
Date of changing: 30.10.2019 19:32

  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы Зәуреш Мейрамқызы Уразбаеваны шығарып салу рәсімі өтті.

Зәуреш Мейрамқызы салық қызметі органдарында 25 жылдан астам жұмыс атқарды. Жұмыс істеген уақытында өзін сауатты және білікті маман ретінде көрсетті.

Ақпараттық технологиялар саласында Салық қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Құрметті Зәуреш Мейрамқызы!

Сізді туған күніңізбен және құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!

Сізге тілейтініміз ашық - аспан, қажымас-қайрат,

әрқашан жүзіңізден күлкі кетпесін.

Деніңізге  саулық, отбасыңызға  амандық, бақыт   тілейміз!