Date of publication: 30.10.2019 19:38
Date of changing: 30.10.2019 19:43

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2019 жылғы  тоғыз айдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетке 120 млрд. 871  млн. теңге түсті өткен жылдың  осындай кезеңімен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 6 млрд. теңге артық түсті.

 Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 10 млрд. 291 млн. теңге қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша қамералдық бақылау - 2 млрд. 854 млн. теңге, электрондық шот фактуралар және «Виртуалдық қойма» модульдің мәліметтерді пайдалануымен әкімшілендіру, салықтық тексеру – 2 млрд. 596 млн. теңге, салық берешегін өндіріп алу – 655 млн. теңге, кедендік әкімшілендіру – 559 млн. теңге.

Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 7 мыңнан астам  тауар декларациясы ресімделген, бұл көрсеткіш өткен жылдың  тәкілеттес кезеңімен салыстырғанда  10 % артық.

Мемлекеттік кірістер департаментінің  сыртқы сауда айналымы 733 млн. АҚШ дол. құрады, оның ішінде импорт 316 млн. АҚШ дол., экспорт – 417 млн. АҚШ дол. Жыл басынан бастап алты жүз мыңннан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 97 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

Кездесу барысында аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларын және кеден бекеттерінің жұмыстары, кедендік төлемдерінің және салықтардың түсімі, мемлекеттік қызмет қөрсету, салық борышты жинау бойынша, акциздерді әкімшілендіру бойынша және басқа да мәселелері талқыланды.

Кеңесте жұмыста орын алған кемшіліктер айттылды және оларды жою жолдары қаралды, сондай ақ оларға бұдан былай жол бермеу шешімдері қабылданды.

Департамент басшысы Шыңғыс Әнуарбеков жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, еңбек және атқару тәртібін міндетті сақтауына баса назар аударды.

Кеңес соңында жылдық болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету,  салықтық және кедендік әкімшілік құралдарын жетілдіру, бизнес шығындарды азайту сияқты салаларды жүзеге асыру және тағы да басқалар.