
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және Абай Мырзахметов атындағы Кокшетау университеті өзара ынтымақтастық Меморандум шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші мамандарымен студенттермге лекцияларды оқу жүргізілуде.
Студенттер дәрістерге үлкен қызығушылықпен қатысуда, өйткені олар қызықтырған сұрақтарға қызметкерлерден құзыретті жауаптар ала алады.
Сабақтарды жүргізу барысында біз интерактивті оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданамыз – дейді Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Шынар Мусина – көрнекілік үшін біз слайдтар, бейнероликтер және презентациялар көрсетеміз. Сонымен қатар студенттердің қатысуымен семинарлар, конференциялар және дөңгелек үстелдер өткізуі жоспарланған.
Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері осындай жұмысты аймақтың басқа да жоғары оқу орындарында жүргізуге ниет білдіруде.