
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалар арасында салық бойынша 100 ірі борышкерлердің тізімін жариялады.
Бұл азаматтар мемлекетке жалпы 45 млн. 590 мың теңге қарыз. Осы сомадан негізгі борыш 30 млн. 567 мың теңге құрады, 15 млн. 023 мың теңге есептелген өсімпұлы.
Ең көп қарыз бар Бурабай ауданының тұрғыны Виктор Богданец белгілі болды, ол мемлекетке 2 млн. 955 мың теңге көлік құралдарына салынатын салықты (КБК 104402) қарыз. Өсімпұл 2 млн. 16 мың теңге сомасын құрады. Нәтижесінде осы азаматтың жалпы парызы 4 млн. 971 мың теңге құрады.
Алайда, кей жағдайда көлік үшін салықты төлемеген кезде өсімпұл негізгі борышын асады.
Мысалы облыс тұрғыны Наталья Чжен 610 мың теңге жалпы қарызы бар, оның ішінде 275 мың теңге негізгі борышы, 335 мың теңге өсімпұл.
Борышкерлердің толық тізімімен ЗТ, ЖК құрылтайшы болып табылатын және жергілікті салық бойынша ірі берешегі бар 100 ЖТ қатысты ақпарат сілтеме бойынша таныса аласыздар.
Мемлекеттік кірістер департаменті естеріңізге салады Қазақстанда жыл соңына дейін cалықтық рақымшылық жалғасуда , Негізгі қарызды төлеген кезде пайыз сомасы жеке және заңды тұлғалардан алынады.
Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер салықтөлеушілер https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтеме бойынша біле алады.