
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында Көкшетауда «РИО» сауда-ойын сауық орталығында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Шараға әр түрлі салаланың 40 астам кәсіби заңгерлері қатысты, олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері және тағы да басқалар.
Акцияға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып азаматтарға түрлі мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетті. Сонымен қатар, облыс тұрғындары еліміздің ең мықты қорғаушыларының бірі - Айман Омаровадан тегін кеңес ала алды.
Шараға қатысқан Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп уәкілі, заң басқармасының басшысы Болат Әбетов аталған іс-шара өте маңызды және пайдалы деп санайды.
Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс.
Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі.
Жие қойылған сұрақтар арасында жер қатынастары, салықтық аударымдар, әлеуметтік қорғау және басқа да мәселелер болды.
Атап айтсақ, акция Көкшетау қаласында ғана емес сонымен қатар облыстың барлық аудандарында өткізіліп, оның нәтижесінде алыс өңірлердің тұрғындары тегін құзыретті көмек алды.