Date of publication: 04.12.2019 16:38
Date of changing: 04.12.2019 16:44

Ағымдағы жылғы 21 тамыздан 30 қараша дейінгі кезеңде акцияға 20 мыңнан астам пайдаланушы қатысқан, олар 471 мың  809 чек жолдаған, көрсетілген кезең Ақмола облысынан 231 жеңімпаз анықталды, бұл республика бойынша үшінші көрсеткіш екенін атап айту керек.

Қазақстан Республикасы Қаржы Минстрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделер табыс етті.

Акцияның мақсаты азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Акция барысында Ақкөл ауданының тұрғыны Гүлшат белсенділік көрсетіп, күнделікті ұтыс ойындарында тоғыз рет жеңімпаз болып және оның телефон балансына 7 600 теңге түсті.

Бас финал жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – АВТОКӨЛІК ұтысқа салынады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Осылайша, қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі. Баршаңызға сәттілік тілейміз!