Date of publication: 18.12.2019 18:08
Date of changing: 18.12.2019 18:12

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық бермеуге шақырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға және онымен күресуге бағытталған алдын-алу шараларын тұрақты түрде жүргізіп жатқандығын хабарлаймыз. Сонымен бірге сізден барлық сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 бірыңғай байланыс орталығына хабарлауыңызды сұраймыз.

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беру оларды сыйлайтын адамдарды жауаптылыққа тартуы мүмкін екендігін ескертеміз.

Егер жеке тұлға мемлекеттік қызметкерге сыйлық тарту етуді ұйғарса, оған 505 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін (200 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде ӘҚБТ ҚРК 676 бабына сәйкес).

Егер заң бұзушылық заңды тұлға жасаған болса, онда айыппұл 1 миллион 893 мың теңгеге дейін артады (750 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде ӘҚБТ ҚРК 678 бабына сәйкес). Айыппұл салғаннан кейін бiр жыл iшiнде қайтадан жасалған әрекеттер қайталанған жағдайда  2 есе көп мөлшерде айыппұл салынады, 1 500 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.