Date of publication: 30.12.2019 09:43
Date of changing: 30.12.2019 09:44

2019 жылдың 01 қыркүйегінен бастап құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік сатып алулар біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен (бұдан әрі – АІТ) байқау тәсілімен ғана жүзеге асырылады.

Әлеуетті өнім беруші құрылыс саласындағы сатып алуларға қатысу шарты болып Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен белгіленген көрсеткіштерге сәйкес олардың қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талабына сәйкестігі табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 446, 447 тармақтарына сәйкес әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындалады:

1) кірістер (айналым қаражаты);

2) төленген салықтар;

3) негізгі құралдар;

4) еңбек ақы төлеу қоры.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады:

1) әлеуетті өнім берушінің кірістері (айналым қаражаты) өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

2) төленген салықтардың көрсеткіші өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес әлеуетті өнім берушінің осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кірісінен кемінде үш пайызды құрайды (2021ж. бастап 4%, 2022ж. – 5% болжанады).

Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

ТСК = ТС / ЖЖК х 100%,

мұнда:

ТСК-төленген салықтардың көрсеткіші;

ТС-төленген салық сомасы;

ЖЖК-әлеуетті өнім берушінің жиынтық кірісінің сомасы;

3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа құны өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

4) әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды.

Егер әлеуетті өнім беруші қаржылық орнықтылық көрсеткіштерінің өзгеруіне әкеліп соғатын үш жылдық кезеңге есептелетін қосымша салық есептілігін ұсынса, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алулар веб-порталында қаржылық орнықтылық көрсеткіштеріне өзгерістер енгізіледі.

Салық есептілігін табыс ету барысында салықтарды төлеу кезінде көрсеткіштерге өзгертулер енгізу үшін Комитетке растаушы құжаттармен қоса хабарласу қажет. 

Сонымен, әлеуетті өнім берушілерге салықтық міндеттемелерді нақты төлеу жолымен қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін арттыру мүмкіндігі беріледі.