Date of publication: 21.01.2020 17:25
Date of changing: 22.01.2020 08:57

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) және Қытай Халық Республикасының Бас кедендік басқармасы (бұдан әрі - ҚХР БКБ) арасында бекітілген Хаттамаға сәйкес, 2019 жылғы 24 желтоқсаннан бастап экспорттық декларациялардан мәліметтермен алмасу жүзеге асырылуда.

Жақтардың келісіміне сәйкес, кедендік декларациялардан мәліметтер барлық өткізу пунктері бойынша онлайн режимінде жақтарға жолданып отыр.

Мәліметтермен алмасуы жөнелтуші елдің экспорттық декларацияның мәліметтерін межелі елдің кедендік декларациясында көрсетілген мәліметтерімен салыстыру үшін, тауарларды кедендік рәсімімен, соның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларды декларациялау растығын қамтамасыз ету бойынша кедендік бақылауын жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.

2019 жылғы 24 желтоқсаннан бастап Комитет ҚХР БКБ ұсынған алдын-ала ақпараттарда (ҚХР АА) көрсетілген мәліметтерді қабылдап, Қазақстан Республикасында берілген кедендік декларациялармен сәйкестендіру жүргізілуде, осының негізінде ҚХР ұсынған алдын-ала ақпараттардың мәліметтерін Қазақстан Республикасында СЭҚ қатысушылары ұсынған кедендік декларацияларымен сәйкестендіру жүргізуі Әдістеме әзірленді.

«АСТАНА-1» АЖ автоматты сәйкестендіру функциясы енгізілгенге дейін қазіргі уақытта ҚХР АА қолдануы және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен мәліметтерді сәйкестендіруі «қолмен» енгізу режимінде, ҚР кедендік декларацияда декларантпен (кедендік өкілімен) көрсетілген мәліметтерді ҚХР АА ұсынылған мәліметтерінде іздеу жолымен  жүзеге асады.

ҚХР ұсынатын алдын-ала ақпараттар тауарларды сенімді декларациялауды қамтамасыз ету үшін негізі болуға, ҚХР тауарларды импорттау барысында әкімшілік жүргізу сапасын жақсарту, сондай-ақ айналық  статистика бойынша айырмашылықты және жемқорлық тәуекелдерді төмендетуге міндетті.

Тауарларды сенімді декларациялауды қамтамасыз ету және кедендік төлемдер мен салықтарды толық өндіру үшін ҚХР АА тиімді қолдану мақсатында, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жұмыс тобы  құрылған.