Date of publication: 07.02.2020 12:20
Date of changing: 07.02.2020 18:24

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2019 жылдың қорытындысы және 2020 жылға міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетке 195  млрд. теңге түсті  2018 жылмен  салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 36  млрд. теңге артық түсті.

 Соңғы бес жылда салық түсімдерінің мемлекеттік бюджетке өсу қарқыны салыстырғанда 2 еседен астам өсті ( 83 млрд. тен 195 миллиард теңгеге дейін) .

.

Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 16 млрд. 085 млн. теңге қамтамасыз етілді.

Бұл көрсеткіштерге салықтық және кедендік әкімшілендіру сондай-ақ, сандық форматтағы технологияларды енгізу нәтижесінде қол жеткізілді.

    АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі еңгізгеннен кейін кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтауға және тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне жұмсалатын уақыт қысқартылды.

     Бұл жағдай босату сәтіне дейін тауарларды уақытша сақтау қоймаларында болу уақытына әсер етті, бұл кәсіпкерлерге тауарларды сақтауға арналған қаржы шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.

Жасыл дәліз бойынша декларацияны өңдеуге және шығаруға арналған уақыт 1 минуттан аспайды. Бұрын осыған ұқсас экспорттық рәсімдеріне 45 минут кететін және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жеке кеден органына келуі қажет болатын.  

   Мемлекеттік кірістер департаментінің  сыртқы сауда айналымы 1  млрд. АҚШ дол. құрады, оның ішінде импорт 376 млн. АҚШ дол., экспорт – 624 млн. АҚШ дол.

     Өткен жылы 800 жүз мыңннан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 92 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

       Алқа отырысы барысында аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларын және кеден бекеттерінің жұмыстары, кедендік төлемдерінің және салықтардың түсімі, мемлекеттік қызмет қөрсету, салық борышты жинау бойынша, акциздерді әкімшілендіру бойынша және басқа да мәселелері талқыланды.

Кеңесте жұмыста орын алған кемшіліктер айттылды және оларды жою жолдары қаралды, сондай ақ оларға бұдан былай жол бермеу шешімдері қабылданды.

Департамент басшысы Шыңғыс Әнуарбеков жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, еңбек және атқару тәртібін міндетті сақтауына баса назар аударды.

Кеңес соңында болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету,  салықтық және кедендік әкімшілік құралдарын жетілдіру, бизнес шығындарды азайту сияқты салаларды жүзеге асыру және тағы да басқалар.