Date of publication: 21.02.2020 15:41
Date of changing: 21.02.2020 15:48

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Көкшетау қаласында салық заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша семинар өткізді.

Аталған семинар облыстық кәсіпкерлер Палатасы өкілдері, Мемлекеттік кірістер департаменті, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

   Кіріспе сөз  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  басшының орынбасары Бауыржан Шәйкенов сөйледі.

Салық саласында маңызды өзгерістерден біреу ол Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро - және шағын бизнесті субъектілерін үш жыл тексеруге мораторий енгізу.

Дегенмен, барлық тексерулер күшін жояды деп ойламау керек.

Алайда мораторий келесі жағдайда қолданылмайды:

жаппай халыққа қауіп туыңдырмауға байланысты тексерулерге,

кәсіпкердің  өз өтініші немесе шағымдар бойынша  және тағы басқа жағдайларда.

Сонымен қатар мораторийді тәуекелдерді жоғары санатқа жататын кәсіпкерлерде  қолданылмайды.

Екінші үлкен өзгеріс  бұл микро - және шағын бизнесті  салықтардан босату.

Бұл ретте, арнайы салық режімдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілер, оның ішінде бірыңғай жер салығы  төлеушілер: 

корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік салығы, және бірыңғай жер салығын  төлеуден босатылады.

Дегенмен ережелері - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті; акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді; астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті; лотерея өткізуді; ойын бизнесі саласындағы қызметті; радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті; банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа); аудиторлық қызметті;бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті; кредиттік бюролардың қызметін; күзет қызметін; азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті; жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін; пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті; мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді; сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.Шара барысында Мемлекеттік кірістер департаменттің қызметкерлері жаңа Салық кодексіндегі салық саясаты, салықтық әкімшілендіру, оңалту және банкроттық рәсімдеріне өзгерістер мен толықтырулар, арнайы салық режимдері, 2020 жылдағы әлеуметтік төлемдер, тәуекелді компаниялар, мемлекеттік сатып алу ережесіндегі өзгерістері туралы түсінікті түсіндірілді.Салық төлеушілерден  түскен сұрақтарға құзыретті толық жауап берілді.