Date of publication: 26.02.2020 11:00
Date of changing: 26.02.2020 11:01

Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздердің назарларыңызға 2019 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Салық әмиянының функционалы тәжірибелік пайдалануға енгізілгенін жеткізеді. МКК порталының eSalyq мобильді қосымшасындағы Салық әмиянының қызметі App Store и Play Market жарияланған.

Салық әмиянының қызметіне қол жеткізу үшін Ұялы азаматтардың деректер базасында тіркелуді қажет ететін ЭЦҚ немесе СМС-кодын қолдану арқылы eSalyq қосымшасында тіркелу қажет. Сондай-ақ мобильді қосымшада ЖСН/пароль, жылдам кіру коды және биометрия арқылы реттеуге болады (FaceID, TouchID).

Салық әмиянының механизмі бюджетке төлемдерді автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігі бар. Қызмет салық төлеушілерге бюджеттегі ағымдағы және алдағы міндеттемелер туралы ақпарат береді. Салық әмиянынан ақша декларацияларды, есептеулерді, уәкілетті органдардан ақпаратты ұсыну кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде қосылады.     

Салық әмияндарын толтыру келесі мәліметтерге автоматты түрде жасалады:

Бенефициардың аты: «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті» ММ

Бенефициардың БСН: 141040004756

Бенефициар банкінің атауы: «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ

Банктің БСК: KKMFKZ2A 

Бенефициардың шоты ЖСК: KZ24070105KSN0000000

БСК: 107109 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсiмдері»

ТБК: 911 «Есептелген, есепке жазылған және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер»

Салық міндеттемелерінен пайда болған салықтардың есебіне Салық әмиянынан ақша алу туралы хабарлама қызметке автоматты түрде шығады. Барлық жасалған операциялар тарихын «Төлемдер мен салымдар тарихы» қойындысынан тексеруге болады. Салық әмиянынан қайтару қолданыстағы заңнамаға сәйкес egov.kz немесе «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымша арқылы ұсынылған салық төлеушілердің салық өтініші негізінде жүзеге асырылады. 

Назар аударамыз, Салық әмиянының қызметі берешекті және алдағы төлемдерді тек салық төлемдері бойынша автоматты түрде өтеуге арналған.