Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міңдетін атқарушы Бауыржан Шәйкенов БАҚ өкілдеріне арнаған брифингте құқық қорғау блогының негізгі көрсеткіштерді жария етті.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жаңадан Мемлекеттік кірістер комитеті құрылып, оның құрамында құқық қорғау құзыреті бар экономикалық тергеу қызметінің пайда болуы еліміздегі құқыққорғау жүйесін жаңғыртудың бір кезеңі болып саналады
Алға қойылған міндеттерге сәйкес экономикалық тергеу қызметі «көлеңкелі» экономика саласындағы қылмысты төмендетуге, келтірілген залалды өндіріп, бюджеттік түсімдерді көтеруге баса назар аударды.
Профилактикалық және бақылау басқармасының басшысы Коңыс Жұмағұловтың сөзі бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі 2015 жылы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қорғауға елеулі үлес қосты.
Өткен жылы «көлеңкелі» экономика саласында (жалған кәсіпкерлік, алкоголь және контрафактілі өнімдердің, мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, жалған ақша жасау, заңсыз ойын бизнесі, банкроттық) барлығы 357 қылмыс, ағымдағы жылғы өткен мерзімінде 93 қылмыс анықталды.
Келтірілен зазал сомасы – 1 288 106 028 теңге, өтелген зазал сомасы –528 547 228 тенге (немесе 41%), 74 277 440 теңгеге немесе 46,8 % мүлікке тыйым салынған болаты.
2015 жылда барлығы өндірісте 652 қылмыстық іс болды, 276 қылмыстық іс өндірістпен аяқталды.
Еліміздің экономикасына орасан үлкен зиян келтіруші жалған кәсіпкерлік саласы арқылы ақша ағымы заңсыз айналымға өтетіні белгілі. Сол үшін салық бағытындағы бірнеше құрылымдармен бірлескен, тиімді қарым-қатынас нәтижесінде 2015 жылда 21 қылмыс, 2016 жылда 9 қылмыс әшкерленді.
Сонымен қатар, жедел-іздестіру шаралар нәтижесінде жалған шот-фактураларды шығаратын ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды.
Қылмыскерлер жалған шот-фактураларды беру барысында, қылмыс үстенде ұсталды. Қылмыстық топ 5 адамнан тұрды. Қазіргі кезде қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотта қаралуда. Келтірілген залал сомасы 3,6 млдр. теңгеден асты.
Экономикалық тергеулер қызметінің ең басты міндеттерінің бірі – бизнеске кедергі туғызбау, жауапсыз кәсіпкерлердің заңсыз іс-әрекеттеріне және салықтарды төлемеуге жол бермеу болып табылады.