
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына камералдық бақылау басқармасының бас маманы Теміржан Мүтиұлы Ширазовты шығарып салу рәсімі өтті.
Теміржан Мүтиұлы қаржы және салық органдарында 38 жылдан астам жұмыс атқарды. Жұмыс істеген уақытында өзін сауатты және білікті маман ретінде көрсетті.
Салық қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Құрметті Теміржан Мүтиұлы!
Сізді туған күніңізбен және құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!
Сізге тілейтініміз ашық - аспан, қажымас-қайрат,
әрқашан жүзіңізден күлкі кетпесін.
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, бақыт тілейміз!
Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің ұжымы