
Мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаның міндеттерінің бірі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына табысы және оған тиесілі мүлкі туралы декларацияны ұсыну болып табылады.
Салық кодексінің 363-бабының 2-тармағына сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша (230.00 нысаны) декларацияны тұлғалардың мынадай санаттары ұсынады:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары
2. судьялар
3. мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын тұлға және оның жұбайы
4. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам (оның ішінде мемлекеттік қызметші және оның жұбайы, мемлекеттік лауазыммен қарастырылған міндеттерді уақытша атқаратын тұлға және оның жұбайы
5. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету бойынша міндеті жүктелген жеке тұлғалар.
Теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейін үш жыл ішінде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына кірістер мен мүлік туралы декларация тапсырады.
Декларация орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады. Мысалы, 2019 жылға декларацияны 2020 жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсыну қажет.
Мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар тиісті мемлекеттік кірістер органдарына декларацияны таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің бірімен беруге құқылы:
- қағаз тасығышта-келу тәртібімен;
- почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен;
- электрондық түрде.
Электронды түрде декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті" (бұдан әрі - СТК) Web-қосымшасы арқылы мына мекен-жай бойынша беруге болады: http://cabinet.salyk.kz, https://fl.cabinet.kgd.gov.kz/knp230?lang=ru немесе СЕӨЖ АЖ клиенттік қосымшасын пайдалана отырып, салық төлеушілер үшін СЕӨЖ АЖ электронды түрде СЕӨЖ өткізудің баламалы тәсілі ретінде іске асырылады.
Осы ақпараттық жүйені және жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығын https://kgd.gov.kz/ru/section/sono сілтемесі бойынша жүктеуге және танысуға болады.
Интернетке кіруге мүмкін болмаған жағдайда, әрбір аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің терминалдары бар, сол компьютерлер декларация жіберу үшін ұсынылады.
Декларация нысанын (230.00-нысан) және оны толтыру ережесін мына сілтеме бойынша көшіріп алуға болады: https://kgd.gov.kz/ru/content/individualnyy-podohodnyy-nalog-i-socialnyy-...
Декларацияларды электронды түрде ұсыну үшін мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға ХҚКО-ға барып, электрондық цифрлық қолтаңбаны алу қажет.
Декларацияны алдын ала ұсыну ұсынылады, өйткені салық есептілігін тапсырудың соңғы күндері ақпараттық жүйелерге ең жоғары жүктеме пайда болады, ол пайданаланушылармен декларацияны ұсынуды авторизациялау процесін айтарлықтай қиындатады.