Date of publication: 31.03.2020 12:08
Date of changing: 31.03.2020 12:09

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінің құрметті пайдаланушылары!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы 29 наурызда «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасында NCALayer бағдарламалық қамтуына көшу бөлігінде жаңарту жасалғаны туралы мәліметтейді.

Егер сіздің компьютеріңізде NCALayer БҚ орнатылған және қосулы болса, сізге оның қайта қосылуын жасау қажет:

1. Экраның төменгі оң жақ бұрышында NCALayer белгішесіне тінтуірдің оң жақ батырмасын басып «Шығу»-ды таңдаңыз.

2. NCALayer-ді қайта қосу, NCALayer орнатқаннан кейін және қосқаннан кейін NCALayer белгішесіне тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып «Модульдермен басқару»-ды таңдаңыз.

3. Ашылған модульдер тізімінен «СТК модулі» таңдаңыз және «Модульді бекіту» батырмасын басыңыз.

Егер сіздің NCALayer орнатылмаған жағдайда, сізге:

1. ҚР ҰКО сайтынан http://pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer қондырғылық файлын жүктеу;

2. http://pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer сайтында орналыстырылған NCALayer пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуын жасау.

3. NCALayer орнатқаннан кейін және қосқаннан кейін NCALayer белгішесіне тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып «Модульдермен басқару»-ды таңдау.

#ҚРҚММКК #салықтөлеушініңкабинеті