Date of publication: 09.04.2020 15:36
Date of changing: 09.04.2020 15:39

Мемлекет басшысы «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына қол қойды

Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдайды, тауар нарықтарындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды.

Бұл болжам және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі 2020 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негіздер болып табылды.