Date of publication: 10.04.2020 15:19
Date of changing: 10.04.2020 15:21

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) сәуір айынан бастап өзгерген жоқ, бұрынғыдай республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін - 2651 теңге, басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін - 1326 теңге.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар БЖТ төлеушілері болып танылады, олар бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келу қажет:

1.     бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2.     жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайды;

3.     акцизделетін өнімдерді қоспағанда, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетеді және (немесе) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана акцизделетін өнімді қоспағанда, өз өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізеді.

Бұл ретте, БЖТ төлеушілері табысының мөлшері жылына 1175 АЕК-тен аспауы тиіс.