
ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен бірлесіп «Карнет АТА-ны іс-жүзінде қолдану және оны толтыру тәртібі» тақырыбында онлайн вебинар өткізді, оған аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының 65 қызметкері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – Карнет АТА-ны іс-жүзінде қолдану саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзыретін арттыру.
Модератор ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Серик Биекенов қатысты.
Дәріскер ретінде Нурболат Николаевич Сукуров – Қазақстан Сыртқы сауда палатасы Төрағасының кеңесшісі қатысты.
Карнет АТА кедендік декларация ретінде танылатын, бажсыз әкелуге, сондай-ақ уақытша әкелінетін тауарларды сәйкестіндіруге мүмкіндік беретін және кедендік әкелу баждарын, салықтар мен алымдарды төлеу бойынша халықаралық айналыстағы қолданылатын қаржылық кепілдікті қамтитын стандартты Халықаралық кеден құжаты болып табылады. Карнет АТА-ны уақытша әкелу процедураларын барынша оңайлатуды және тауарларды кідіртуді барынша азайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ кедендік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негізгі принциптерді қамтиды.
Қазақстан Республикасында ұлттық кепілдік беретін және көрнекті ұйым ретінде «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы болып табылады.
Вебинарға қатысушылар уақытша әкелу туралы Стамбул конвенциясының Қазақстан Республикасы қосылған қосымшаларымен, Карнет АТА-ны қолданудағы артықшылықтармен, Карнет АТА бойынша өткізуге болатын тауарлармен, уақытша әкелу туралы Стамбул конвенциясына қосылған елдердің тізімімен, ұлттық кепілдік ұйымының маңызы және міндетімен, Карнет АТА-ны беру тәртібімен, Карнет АТА-ның бағандарын толтыру тәртібімен және Карнет АТА-ны қолдану саласындағы басқа да өзекті мәселелермен танысты.
Іс-шара барлық қатысушылар арасында талқылау және конструктивті диалог арқылы белсенді түрде табысты өтті.