
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету бойынша карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты салық төлеушілермен қарым-қатынастың жаңа форматын енгізеді.
Енді, Instagram әлеуметтік желісінің платформасында тұрақты түрде салық төлеушілермен салық және кеден заңнамаларындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтарды қарау бойынша тікелей эфир өткізіледі.
Бірінші тікелей эфир 15 мамырында сағат 15.00-де өтеді және карантин кезеңіндегі мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс ерекшеліктеріне арналған.
Тікелей эфирде салық төлеушілерді қызықтыратын сұрақтарға спикерлер жауап береді.
Тікелей эфирде қатысуға ниет білдірген салық төлеушілерге Мемлекеттік кірістер департаментінің www.instagram.com/dgd_aqmol аккаунтқа жазылу керек.
Сонымен қатар, енді барлық жүргізілген тікелей кездесулер Facebook https://www.facebook.com/Департамент-государственных-доходов-по-Акмолинской-области әлеуметтік желісінде және ДГД по Акмолинской области - YouTube арнасында орналастырылады, салық төлеушілерге оларға да жазылуға болады.
Тікелей эфир өткізу тақырыбына қатысты барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша (87162) 72-11-96 телефон бойынша хабарласуға сұраймыз.