
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әкімшілер мен несие берушілерді банкроттық және карантин режимін оңалту рәсімдері туралы 2020 жылдың 11 мамырында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты төтенше жағдайды ұзарту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 310 Жарлығының күші жойылғандығын хабарлайды.
Бұл ретте 2020 жылдың 10 мамырында азаматтардың қозғалуы, жаппай жиналу мен әлеуметтік қашықтықтың сақталуы бойынша шектеулердің сақталғанын қарастыратын, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің № 36 қаулысы қабылданды.
Жоғарыдағыны ескере отырып, карантин режимінің аяқталғанына дейін:
- «Оңалту және банкроттық рәсімдерін әкімшілендіру» бағыты бойынша
- оңалту және банкроттық рәсімдерінің әкімшілерінен «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң)қарастырылған ақпаратты (оның ішінде ақпараттық хабарламаларды, кредиторлар талаптарының тізілімдерін, ағымдағы және сұратылған ақпараттарды және т.б.), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өтініштерді, өтініштерді, шолуларды қоспағанда, оларменәкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалардың Бірыңғай тізілімінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайынан жіберілетін ақпараттарды қабылдауды қамтамасыз етуді.
Бұл ретте электронды пошта арқылы заң талаптарына сәйкес ресімделген, оның ішінде әкімшінің қолы қойылғаннан кейінгі, құжаттың күнін және мөрмен (егер болса) қол қою арқылы ресімделген сканерленген құжаттар қабылданады.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты оңалту және банкроттық рәсімдерінің тоқтатылғанын, сәйкесінше әкімшілермен ағымдағы ақпаратты ұсынуы 2020 жылдың1 маусымы жағдайы бойынша жүзеге асырылатынын (2020 жылдың 1 сәуір, 1 мамыр жағдайы бойынша ағымдағы ақпаратты ұсыну талап етілмейді) белгілейміз;
- Заңның 25, 26-баптарының талаптарын сақтай отырып, оның ішінде кредиторлар жиналысы мен кредиторлар комитетінің хаттамаларына қол қою және оларды уәкілетті органға жіберу бөлігі бойынша бейнеконференциялар, телефон және басқа да коммуникациялар арқылы онлайн режимінде кредиторлар жиналысы мен кредиторлар комитетінің отырыстарын өткізу;
- әкімшілермен Заңда көрсетілген барлық шараларды, оның ішінде мүлікті түгендеу, бағалау және сатуды санитарлық-дезинфекция режимін қатаң сақтап және Қазақстан Республикасының, тиісті аймақтың және көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулысына сәйкес орындауды қамтамасыз ету тапсырылады.
- «Салық берешегін, әлеуметтік төлемдер берешегін және кедендік төлемдер, салықтар және айыппұлдарды өндіріп алуды әкімшілендіру» бағыты бойынша
- күрделі кәсіпкерлік субъектілері мен жоғары тәуекелді салық төлеушілерге жататын салық төлеушілерге қатысты мүліктерді түгендеуді және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдерін орындау, салық төлеушілер бойынша дебиторлармен өзара есеп ауырысу сұрақтары бойынша тақырыптық тексерістерді тағайындауды қамтамасыз етуді тапсырылады.
3. Жақсартылған санитарлық-дезинфекциялық режимге сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің шешімдеріне сәйкес, тиісті аумақ пен көлікте, заңмен қарастырылған барлық шараларды, соның ішінде мүлікті түгендеу, бағалау және сатуды орындау.
Ағымдағы есептілікті жіберу үшін (87162)72-27-90 телефон арқылы хабарласуға болады