Date of publication: 05.06.2020 17:23
Date of changing: 05.06.2020 17:24

Қазақстан Республикасының әрбір мемлекеттік органында Әдеп жөніндегі Уәкіл институты құрылды.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Әдеп жөнінде қамтамасыз етеді:

- қызметтік этика нормаларын сақтау;

-Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу;

-өз қызметі шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес береді.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Этикалық кодекс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру мақсатында Департамент және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері арасында семинарлар өткізілді, интернет-ресурстарда және бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланды.

Сонымен қатар, өткізілген жұмыс барысында Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызметшілердің киім нысаны, мемлекеттік қызметшілердің телефон этикасы, сыйлықтар тапсыру бойынша жадынамалар берілді.

Өз өкілеттігімнің шегінде мен мемлекеттік қызметшілерге жеке консультациялар өткіздім,қабылдау барысында оларға консультациялық көмек көрсетілді.

Этикалық норманың сақталуына, сондай-ақ ұжымның әлеуметтік-психологиялық жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында Департаменттің және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында анонимдік сауалнама жүргізу жоспарлануда.

Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілеу және олардың сақталуына жүйелі бақылау жасау мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік этика нормаларын бұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететін болады.

 

Бауыржан Шәйкенов

Ақмола облысы бойынша МКД-нің  Әдеп жөніндегі уәкілі