Date of publication: 03.05.2016 11:06
Date of changing: 03.05.2016 12:25

  Көкшетау қаласында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің қызметкерлері санитарлық тазалау және көркейтілу жалпы қалалық сеңбілікке белсенді қатысты.

Жалпы қалалық сенбіліктің негізгі мақсаты – қоғам назарын қала көшелерінде тазалық сақтауға аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпаққа тәрбие беру. Шараға қаламыздың көшелері мен аулаларын абаттандыруға ниет білдірген қала тұрғындары мен ұйымдарынын өкілдері қатыса алады.

Шара барысында тұрмыстық қалдықтардаң және қоқыстан Қопа өзенінің жағысы тазартылып, жасыл екпелерді сақтау аясындағы мерзімдіқ жұмыстары өткізіліп,  ағаш отырғызылды, сонымен қатар Департаментке бекітілген аумағы да тазаланды.