
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі «Мемлекеттік кірістер органына есептілікті есепке алуды жүргізудің және ұсынудың кейбір мәселелері туралы» №374 бұйрығына сәйкес, кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына шетелдік тауарларды, оның ішінде оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгеннен гөрі кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен ставкалары қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша есепті (бұдан әрі-Есеп) ұсыну қажеттілігі туралы жеткізеді.
Есепті беру кезеңі жарты жылдық, жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей болып табылады. Есеп өспелі қорытындымен қалыптастырылады және қандай да бір мәндер өзгерген жағдайда, деректер жаңартылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде табыс етпеу не анық емес есептілікті табыс ету, сол сияқты мұндай тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін сақтамау – ҚР ӘҚтК Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Әкімшілік деректер нысаны www.minfin.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі №374 бұйрығына 6-қосымша).
Әкімшілік деректер нысаны www.minfin.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде ұсынбауы не дұрыс емес есептілікті ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларды есепке алуды жүргiзу тәртiбiн сақтамау – ҚР ӘҚбК 539-бабында көрсетілген жауабкершілікке әкеледі.