Date of publication: 09.07.2020 11:35
Date of changing: 09.07.2020 11:36

Қазақстан Республикасының «Мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік реттеу туралы»Заңына сәйкес, 2021 жылғы 1-қаңтарынан бастап салық төлеушілерде ауылдық елді - мекендерде жанармай бекеттерінде есепке алу бақылау құралдарымен (бұдан әрі - ЕБҚ) қамтамасыз ету міндеттемесі туындайды.

ЕБҚ тек қана мұнай өнімдерінің  саны мен сапасын өлшейтін  техникалық құрылғы болып табылмайды, ол нақты уақыт тәртіптемесінде өнімнің көлемі мен мұнай өнімдерінің айналымы, сонымен қатар жанармай бекеттерінің иелері IT-шешімдерін енгізудегі ең басты тиімділігі негізгі кезеңдерінің барлығын  - жеткізуден сатылымға дейін, қалдықтар туралы нақты мәліметтер алуға, мұнай өнімдерінің сатылғаны туралы ақпараттар, автоматтық тәртіпте есептік мәліметтерді қалыптастыруға және қадағалауға мүмкіндік береді.

ЕБҚ сақтау ыдыстарын жабдықтау үшін, күрделі кешенді жұмыстарды қажет етеді, яғни құрылғыларды сатып алу, құрылыс-монтаждау жұмыстарымен байланысты бірқатар дайындық жұмыстарын жүзеге асыру, іске қосу, дәнекерлеу процесстері және т.б.

Тәжірибе көрсететіндей, көрсетілген жұмыстарды жазғы күндері, қоршаған ортаның оң температурасында жасаған дұрыс, себебі суық мезгілде құрылғыларды орнату едәуір қиынға түседі: топырақты немесе жер бетін жылыту үшін арнайы техниканы қолдану сияқты қосымша қаржылық шығындарды қажет ететіндігін ескерген жөн.

Естеріңізге саламыз, ҚР ӘҚБК 281 бабы 8 тармақшасының 5 тармағына сәйкес, мұнай жеткізушілері мен мұнай өнімдерінің өндірушілері бөлшек немесе көтерме сауда жеткізушілері, мұнай өнімдерінің немесе  мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін сату немесе жөнелтуді есепке алу бақылау құралдарынсыз немесе мұнай өнімдерін ЕБҚ-сыз  мұнай өнімдерінің немесе  мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін сату немесе жөнелту,мұнай өндіруші базаларын қоспағанда, айыппұл салынады:

  • жеке тұлғаларға 20 АЕК өлшемінде;
  • коммерциялық емес ұйымдарға немесе кіші кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК және әкімшілік құқық бұзушылықтың заттары немесе құқық бұзушылық жасалған кірістің табысы болып табылатын мұнай өнімдері де тәркіленіп алынады.