Date of publication: 14.07.2020 12:56
Date of changing: 14.07.2020 12:59

Мемлекеттік кірістер органдар салық төлеушілер ұсынатын есептердегі ауытқуларды анықтау және салық төлеушіге анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі мәтін бойынша – КТС бойынша декларация) ұсынған кезде жол берілетін бұзушылықтардың негізгі үлесіне, түзетілуі растайтын құжаттарды қоса бере отырып, түсініктеме беруді де, оларды жоя отырып, салық есептілігінің қосымша нысанын де талап ететін бұзушылықтар бар.

Мысалы, "А" ЖШС салық төлеушісінің 2019 жылғы салық кезеңі үшін КТС бойынша декларацияда алдыңғы салық кезеңдерінен ауыстырылатын шығындар сомасы көрсетілмеген (яғни 2018 жылғы КТС бойынша декларациясынан), бірақ бұл шығындар салық төлеушімен салық салынатын табысты анықтау кезінде ескерілді және нәтижесінде корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі мәтін бойынша – КТС) сомасын есептеуге әсер етті. Салық төлеуші КТС бойынша декларацияны толтыру кезінде салық кодексінің нормаларын пайдаланды, онда шығындар осы салық кезеңдерінің салық салынатын кірісі есебінен өтеу үшін келесі он жылды қоса алғанда ауыстырылуы мүмкін, бірақ қажетті жолды толтырмаған. МКО осы декларацияны тексеру кезінде КТС сомасын дұрыс есептемеу бойынша қатені анықтады және камералдық бақылаудың тиісті құжатын жолдады. Осы құжатты алған кезде "А" ЖШС КТС бойынша қосымша декларация берді, онда "бұрынғы салық кезеңдерінен ауыстырылған залалдар" жолы толтырылды. Қосымша декларация ұсынылғаннан кейін қате жойылды, КТС сомасының ұлғаюы  туындаған жоқ, сонымен бірге камералдық бақылау құжаты салық төлеушімен орындалды.

Сондай-ақ, салық төлеушілер 100.00 СЕН-ді толтыру кезінде, көбінесе алдыңғы салық кезеңінің соңындағы қорлар сомасымен салыстырғанда салық кезеңінің басында қорларды дұрыс көрсетпеу бөлігінде бұзушылықтарға жол береді. Егер осы СЕН-да МКО айырмашылықтар анықтаса, салық төлеушіге алдыңғы салық кезеңінің соңындағы TMҚ-мен салыстыру кезінде белгіленген және сәйкесінше 100.00 СЕН декларациясында КТС сомасын  төмендетуге әкелуі мүмкін есепті салық кезеңінің басындағы қорларды асыра бағалау сияқты бұзушылықтар түрлері бойынша камералдық бақылау құжаты жіберіледі.

 

Осы заң бұзушылықтың себебі, салық төлеушімен есепті немесе алдыңғы кезең үшін есептерде жол берген арифметикалық қате, қате деректерді көрсету, жолма-жол толтыру және т. б. кезінде жол берілген қателер болуы мүмкін. Бұл жағдайда салық төлеуші дұрыс емес деректер көрсетілген кезең үшін салық есептілігінің қосымша нысанын ұсынуы және қажет болған жағдайда анықталған айырмашылықтар деректердің бұрмалануына әкеп соққан кезең үшін қосымша есептілікті ұсынуы қажет. Бұзушылықтар жойылғаннан кейін камералдық бақылау құжаты орындалды деп есептеледі.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мемлекеттік кірістер органдарымен осындай бұзушылықтардың анықтауын болдырмау, камералдық бақылау хабарламаларын ұсыну және тиісінше қателерді түзету үшін салық төлеушілер тарапынан еңбек шығыны мен уақытты бос кетірмеуді болдырмау мақсатында, 100.00 СЕН толтыру кезінде осы ескертулерді ескеруді сұраймыз.