
Жылда өткізілетін жалпыреспубликалық «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты азаматтардың белсендігін көтеру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту және кәсіпкерлердің арасында адал бәсекеге қабілеттілікті ынталандыру болып табылады.
Әр тұтынушы бақылау-касса машинасының фискалдық чегін «Wipon» қосымшасы арқылы жолдап, күнделікті сомасы 200 теңгеден 5,0 мың теңгені құрайтын ақшалай ұтысына ие бола алады.
Акция 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасын табады. Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі – 1 миллион теңге ұтыс ойынына қатыса алады. Осылайша, қатысушы неғұрлым көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Түбіртекті талап ет – 1 миллион ұтып ал!!!