
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап көптеген деректемелерді толтырудағы қиындықтарға байланысты салықтарды дұрыс төлемеу проблемасын жоққа шығаратын Салық әмиянының функционалы тәжірибелік пайдалануға енгізілгенін жеткізеді.
Салық әмиянының сервисі МКК eSalyq порталының мобильдік қосымшасында App Store және Play Market-те жарияланған.
Тағы да ескертеміз, салық әмиянының сервисіне қол жеткізу үшін ЭЦҚ немесе СМС-код арқылы eSalyq қосымшасында тіркелу қажет, ол үшін Мобильдік азаматтар базасында тіркелу қажет. Сондай-ақ, мобильді қосымшада ЖСН/пароль, жылдам қатынау коды және биометрия (FaceID, TouchID) бойынша кіруді реттеуге болады.
Салық әмиянының тетігі бюджетке төлемдерді автоматты түрде таратуға, сондай-ақ қате төлемдер мен өсімдерді болдырмауға, қайтарулар мен инкассалық өкімдердің санын қысқартуға, салық төлеушілердің уақыт бойынша шығындарын азайтуға және банктерге комиссияға шығыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Салық әмиянын толтыру арқылы салықтарды баламалы төлеу мүмкіндігіне ие. Сервис салық төлеушіге бюджетпен оның ағымдағы және алдағы міндеттемелері туралы ақпарат береді. Салық Әмиянынан түскен ақша декларацияларды, есеп айырысуларды, уәкілетті органдардың мәліметтерін табыс ету кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде есепке алынады.
Екінші деңгейдегі банктермен жүргізілген интеграцияға байланысты бүгінгі күні салықтарды төлеудің ыңғайлы және қарапайым сервистері іске асырылды.
Салық төлеушілер салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектерді «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасында, МКК порталында, оның ішінде оның eSalyq мобильдік нұсқасында, екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшаларында (Homebank, Kaspi.kz және басқалар), egov.kz порталында көре алады.
Барлық жоғарыда көрсетілген ресурстарда алдағы салықтарды қарау және дайын деректемелер бойынша ақы төлеу мүмкіндігі іске асырылды. Жеке тұлғалар үшін мүлік салығы бойынша, жер салығы және көлік құралдары салығы, ал ЖК үшін - төлем көзінен салық салынбайтын табыстан ЖТС бойынша.