
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзуға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясы 25 жылдығын орай, Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтауды ескертемін:
Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер:
1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларының, оның ішінде мас күйінде қоғамдық жерде болуға, адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық моральға нұқсан келтіретін жағдайлардың алдын алуға;
2) қарапайымдылық таныту, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
3) өз кезегінде қоғамдық моральға, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғумен байланысты заң талаптарының бұзылуына жол бермеуге және басқа азаматтарды заңсыз, қоғамға қарсы әрекеттерді жасауға тартпауға міндетті.
Сыйлықтарды өз міндеттерін орындау кезінде алуға жол бермеңіз.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлер өздерінің фотосуреттері мен бейнелерін орналастыратын әлеуметтік желілерге ерекше назар аударылуда. Қызметтік этика нормаларын орындау үшін қымбат бағалы зергерлік бұйымдар мен өзге де сән-салтанат заттарын көрсете отырып, қымбат тұратын автомобильдер мен интерьер аясында ойын-сауық орындары мен шетелдік демалыс орындарынан жарнамалаушы фотосуреттер, бейне және басқа да материалдар, фото және бейне орналастыруға жол бермеу.
Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға тиіс. Мас күйінде көрінуге, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға, өзінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және оның аумақтық басқармаларының қызметкерлерімен әдеп талаптарының сақталуына қатысты барлық туындаған сұрақтар бойынша жүгінуге болады
мекен-жайы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 21А, 309к.
байланыс телефоны: 8 (7172) 72-12-36
электрондық пошта: ba.shaikenov@kgd.gov.kz
Бауыржан Шәйкенов
Ақмола облысы бойынша МКД-нің Әдеп жөніндегі уәкілі




























