Date of publication: 04.09.2020 15:33
Date of changing: 04.09.2020 15:34

Қазақстанда «Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал» акция өтуде. Оның қатысушысы болу үшін, «Wipon» тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өзіңіздің сатып алудағы фискалдық түбіртектерді қосымшаға енгізе бастаңыз. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.
Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы WIPON-ның жаңартылған нұсқасында телефон балансында 200-ден 5000-ға дейінгі соманы ұтып алудың орнына, сіз жалпы чек сомасының 1% -дан 20% -на дейінгі соманы ұтып ала аласыз.

Сонымен қатар Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  тамыз айында акцияға қатысушылар арасында ай сайын қосымша ұтыс ойыны өткізілді. Кездейсоқ компьютерлік іріктеу әдісімен 3 жеңімпаз анықталды.

Гүлден Шамиганова Бурабай ауданың тұрғыны тепловентилятор жүлдесін алды, Ағиля Тажманова Бурабай ауданың тұрғыны - жүлде үтік и Гүлнара Оспанова Аршалы ауданың тұрғыны көп тағамдық құрылғының иесі болды.  Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Бүгінгі күні акцияға 1743 ақмолалық қатысуда, олардың 298 жүлдегер атанып, телефон теңгеріміне 200-ден 5000 теңгеге дейін жедел ұтысқа ие болды

Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі - 1 миллион теңге ұтысына қатыса алады.
Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.
Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар бір миллион ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.