Date of publication: 09.09.2020 21:36
Date of changing: 09.09.2020 21:37

Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, жеке табыс салығы салынатын табыстарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан төлейтін төлемдері де жатады (Салық кодексінің 326-бабы).

Бұл ретте жеке тұлғалар 1 ең төменгі жалақы мөлшеріндегі салықтық шегерімді қолдану арқылы салық салынатын сомасын азайтуға құқылы.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары (ҰОС-на қатысушыларға теңестірілгендер, барлық топтағы мүгедектер, мүгедектердің ата-аналары мен қамқоршылары, жетім балаларды асырауына алған ата-налары) қосымша 882 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шегерім қолдануға құқылы, бұл 2,3 млн теңгені құрайды (Салық кодексінің 345, 346, 353-баптары).

Тиісінше, көрсетілген шегерімдерді ескере отырып, тұрғын үй сатып алуға, емделуге және басқа да рұқсат етілген мақсаттарға зейнетақы ақшасынан ішінара алынатын сомаларға 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынады.