Date of publication: 12.09.2020 10:50
Date of changing: 12.09.2020 10:51

«Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал» акциясы 12 мамыр мен 1 желтоқсан аралығында өтеді. Оның қатысушысы болу үшін, «Wipon» тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алуларының фискалдық түбіртектерін қосымшаға енгізе бастаңыз. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.
WIPON-ның жаңартылған нұсқасында Сіз жалпы чек сомасының 1% -дан 20% -на дейінгі соманы ұтып ала аласыз.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне Ақмола облысы бойынша акцияның 350 жүлдегері бар. Құттықтаймыз!

 Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі - 1000000 теңге ұтысына қатыса алады.
Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.
Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар бір миллион ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.