
Салық кодексінің 6 тарауымен салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту, яғни олардың төлену мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не салықтық берешекті, айыппұлдар сомаларын қоспағанда, өтеу мерзімдерін ұзарту белгіленген.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгертуы, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту нысанында жүзеге асырылады.
Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде төлей отырып, кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеудің болжамды графигін қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемақыны белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін, алайда оларды мынадай:
1) салық төлеушіге еңсерілмейтін (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары) салдарынан нұқсан келтіру;
2) салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруінің және (немесе) өткізуінің маусымдық сипатта болуы;
3) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті есепке алмағанда) біржолғы салық төлеуге мүмкіндік бермеуі;
4) соттың берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы;
5) салық төлеушінің негізгі қызмет түрінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатқызылуы;
6) салық төлеушінің қосымша салықтық есептілікті ұсынуы;
7) салық төлеушінің есепке жазылған салықтардың және (немесе) төлемақылардың тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларымен келісуі негіздерінің бірі болған кезде оларды төлеу мүмкіндігі кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіз болатын салық төлеушіге берілуі мүмкін. Осы тармақшаның ережелері салық төлеуші ретінде тіркелген күнінен бастап кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейінгі кезең кемінде бес жылды құрайтын салық төлеушілерге қолданылмайды.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы өтінішке мынадай құжаттар:
1) тиісті контрагент-дебиторлармен жасалған шарттардың бағалары (өзге де міндеттемелердің көлемдері мен олардың туындау негіздері) және оларды орындау мерзімдері көрсетіле отырып, салық төлеушінің контрагент-дебиторларының тізбесі, сондай-ақ осы шарттардың (міндеттеменің өзге де туындау негіздерінің бар-жоғын растайтын құжаттардың) көшірмелері қоса беріледі. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаға қолданылмайды;
2) осы баптың 4-тармағында көрсетілген, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің бар-жоғын растайтын құжаттар;
3) бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі қоса берілген кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттар не кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі. Бұл ретте бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеуші кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейін он жұмыс күнінен кейін жасалуға тиіс.