
Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылғы тоғыз айдың қорытындысы шығарылды.
Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 148 млрд. теңге түсті өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке 27,4 млрд. теңге артық түсті.
Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 11,5 млрд. теңге қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша қамералдық бақылау - 5 млрд. 683 млн. теңге, электрондық шот фактуралар және «Виртуалдық қойма» модульдің мәліметтерді пайдалануымен әкімшілендіру - 1 млрд. 892 млн. теңге, ҚҚС қайтаруды және асып кетуін әкімшілендіру - 327 млн. теңге, салықтық тексеру – 871 млн. теңге, салық берешегін өндіріп алу – 1 млрд. 487 млн. теңге.
Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде сегіз мыңнан астам тауар декларациясы ресімделген.
Мемлекеттік кірістер департаментінің сыртқы сауда айналымы 876 млн. АҚШ дол. құрады, оның ішінде импорт 406 млн. АҚШ дол., экспорт – 469 млн. АҚШ дол. Жыл басынан бастап алты жүз елу мыңдай мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.