Date of publication: 09.11.2020 11:50
Date of changing: 09.11.2020 16:14

     Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы  жылғы  он  айдың қорытындысы шығарылды.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетке 164 млрд. теңге түсті өткен жылдың  осындай кезеңімен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 30,2 млрд. теңге артық түсті.

 Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 16млрд. теңге қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша қамералдық бақылау - 9 млрд. 961 млн. теңге, электрондық шот фактуралар және «Виртуалдық қойма» модульдің мәліметтерді пайдалануымен әкімшілендіру – 2 млрд. 041  млн. теңге, ҚҚС қайтаруды және асып кетуін әкімшілендіру - 327 млн. теңге,  салықтық тексеру – 871 млн. теңге, салық берешегін өндіріп алу – 1 млрд. 552 млн. теңге.

Жыл басынан бастап жеті жүз мың мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 98 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.