Date of publication: 30.11.2020 12:12
Date of changing: 30.11.2020 18:47

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар» тақырыбы бойынша онлайн семинар өткізілді.

Іс-шараның спикерлері болып экспорттық бақылау басқармасының басшысы Ахметжан Хасенов және акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Ержан Шүлембеков қатысты.

2020 жылдың 31 желтоқсаннан бастап Виртуалды қойма модулі арқылы  электрондық шот-фактуралар жазылатын тауарлаға,  акцизделетін өнімдер бойынша , сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі импорттық-экспорттық операциялар бойынша тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылады.

Сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарадан өткенге дейін тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуі қажет, ал акцизделетін өнімдер бойынша ТІЖ тауарларды сату немесе өткізу басталғанға дейін ресімделеді.

ТІЖ артықшылықтарының бірі - бұл автомобиль өткізу пункттерінде құжаттарды сканерлеу қажеттілігінің болмауы, бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарадан өту процесін жеделдетеді;

Ерекшелігінің бірі, пилоттық жоба кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.

Барлық сұрақтар бойынша ҚР ҚМ МКК колл орталығына 1414 немесе 8-701-707-14-11 телефондары, телеграм  /@snt_import_export/ арқылы хабарласуға болады