
Қазіргі заманда спорт әлеуметтік қана емес, сонымен қатар көп көрінетін мәдени және эстетикалық құбылысы болып отыр.
Күнделікті өмірге дене шынықтырудың және спорттын кіруі өмірдің жаңа сапасы мен стилін құрайды.
Халық арасында салауатты өмір салты әйгіленуде өсіп, нақты міндеті шаралары жүзеге асырылуда, сонымен қоса дене шынықтыру және спорт саласындағы қатынас басымдылықты қалыптастыру бүгіңгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Ақмола облысының көркем жерлерінің бірі «Сұңқар» Зеренді демалыс кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері қызметкерлерінін арасында Спартакиада жарысы өтті.
Ашылу салтанаты рәсіміне екі өңірдің Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері Бауыржан Кұлжанов пен Теңбай Ыбыраев қатысып жарыс алдындағы тілек- лебіздерін білдірді.
Жарыс жауынгерлік қару атудан, волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, бильярд түрлері бойынша өткізілді.
Спартакиада жоғары деңгейде өтіп олардың нәтижесі бойынша үздіктері аңықталды.
Командалар жеңіске жету үшін ыңтымақтастықты көрсетті.
Қорытынды Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері әйелдер арасында жауынгерлік қару-жарақ атудан және волейбол ойыны бойынша чемпиондар атанды.
Ерлер волейбол бойынша, мини-футбол, үстел теннис, шахмат түрлерінен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жеңіске жетті.
Сонымен қатар бильярд бойынша үздік кий шебері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Александр Красноруцкий, екінші орынды Атбасар ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы – Біржан Үсембаев, үшінші орынды - Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының басшысы Берік Мұстафин қаңжығасына байлады.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Хасенов жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар мен дипломдарын тапсырып, «осындай оқиғалар патриоттық тәрбиені одан әрі арттыру, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау өз үлесін беретініне» сенім білдірді.
Кездесу соңында арқан тарту жарысында ақмолалықтар жеңімпаздар атанды. Спорт шарасынын соңында жарысқа қатысушылары арасында викториналар, ұтыс ойындары жүргізіліп флэш-моб ұйымдастырылды.