
Құрметті салық төлеушілер!
2020 жылдың 31 желтоқсаннан бастап Виртуалды қойма модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазылатын тауарлаға, акцизделетін өнімдер бойынша, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі импорттық-экспорттық операциялар бойынша тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылады.
Акцизделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелері бойынша Департаментте WhatsApp чат жұмыс істейтінін хабарлаймыз.
Чатқа қосылу үшін чаттың әкімшісіне - 8-707-393-43-58 вацап нөмірі бойынша хабарласу керек.