
16 желтоқсан – қазіргі Қазақстанның басты мемлекеттік мерекесі. Ол өзімен бірге егеменді және жаңа тәуелсіз елі – Қазақстан Республикасының туылуын белгілейді. Жүрегінде патриоттық от жанып және Отанға деген махаббаты лаулап тұрған Қазақстандықтар үшін тәуелсіздік күні – ерекше мереке.
1991 жылы тәуелсізділік және мемлекеттің егемендігі туралы Заң қабылдап, біздің ел тайғақ жолдардан сүрінбей өтіп, өте қысқа уақыт ішінде бүкіл Орталық-Азия аймағында көшбасшы болды.
Қазақстанның салық және кеден қызметінің қалыптасуы мен дамуы мемлекеттің тәуелсіздік тарихымен тығыз байланысты.
Салық және кеден органдарына республиканың экономикалық қауіпсіздігін және қоғамның әлеуметтік қанағаттануын қамтамасыз ету - маңызды міндеті жүктелді.
Мемлекеттік кірістер органдары-республикамыздың мемлекеттік бюджетін толықтыруды қамтамасыз ететін мекеме.
Оның тиімді қызметі - республикамыздың экономикасы мен әлеуметтік саласының одан әрі дамуы, қазақстандықтардың өмір сапасы мен деңгейін айқындайды.
Барлық қазақстандықтар үшін осы маңызды күні отбасыларына береке, бейбітшілік және келісім, мықты денсаулық, бақыт және амандық тілейміз! Біздің Отанымызға – егеменді Қазақстанға жетістік пен өркендеу тілейміз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!