Date of publication: 22.12.2020 17:23
Date of changing: 22.12.2020 17:25

2020 жылғы 23 желтоқсанда сағат 15-тен 17-00-ге дейін Учет.kz порталында «салық заңнамасындағы өзгерістерге шолу»  тақырыбы бойынша конференция өтеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Вице-министрі Амрин Азамат Кеменгерұлы және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жұмағулов Қайрат Кәрімұлы

ҚҚС бойынша өзгерістер;

 ЖТС бойынша өзгерістер;

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін енгізу;

Инвестициялық салықтық кредит тетігін енгізуге;

Салық кодексінің 3-бабына өзгерістер енгізу туралы;

Инвестициялар туралы Келісім шеңберінде салық салу;

ЭШФ міндетті түрде жазып беруге жататын салық төлеушілердің тізбесін кеңейту;

Өз өндірісінің тауарларын өндірушілер үшін ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібі;

ЕАЭО елдері ішінде тауарларды жалған транзитпен тасымалдауға қарсы күреске бағытталған шараларды енгізу;

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша өзгерістер енгізу туралы түсіндіру береді.

Сіздердің сұрақтарыңызға Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің спикерлері:

Әдіснама департаментінің директоры Жетібаева Әлия Муратханқызы,

 Әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржанов Жаныбек Маулютбекұлы,

 Резидент еместерге салық салу басқармасының басшысы Нұрпеисов Айдар Жұманұлы,

Жалпыға бірдей декларациялау басқармасының басшысы Күсаинова Дина Кабдылманапқызы жауап береді.