
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (одан әрі –Кодекс) толықтырулар мен өзгертулер енгізілуіне байланысты Кодекстің 645 бабына толықтыру енгізілгенін хабарлайды, онда жалпылама қолданылатын телекоммуникация желісі жоқ орындарда қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілреді қоспағанда, бензинді (авиациалық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті. Төлеушіде осындай бақылау-касса машиналарын қолдану жөніндегі міндет 2015 жылғы 1 шілдеден бастап туындайды. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.
Тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары болуы бойынша тексеріске тартылатын салық төлеушілер тізімі Департаменттің http://akm.kgd.gov.kz сайтында жарияланған.
Кодекстің 14 бабына сәйкес Кодекспен белгіленген тәртіпте бақылау-кассалық машиналарды пайдалану және оларды қолдану салық төлеушілредің міндеті болып табылады. Кодекстің 627 бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органымен бақылау-кассалық машиналарының болуы мәселесі бойныша тексеріс жүргізу қарастырылған. деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары болмаған жағдай да «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 284 бабының негізінде ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік , сонымен қатар әкімшілік жаза қолданылған жыл ішінде бұзушылыққа жол берген жағдайда 15 тен 50 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салыну қарастырылған.
Ақмола облысы бойынша МКД