
Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 18 ақпанда ЕАЭО елдерінен, мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде расталмаған импорт бойынша тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) растау процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін, Telegram мессенджерінде чат-бот іске қосылғанын хабарлайды.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды растау үшін мәліметтер жіберілген кезде, чат-бот тауарларды әкелу жүзеге асырылған өткізу пунктінің қызметкерлеріне деректерді автоматты түрде қайта жібереді.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері растаған сәтте, чат-ботқа растау туралы хабарлама келеді.
«Telegram мессенджеріндегі чат-ботқа қосылу үшін
@snt-approval_bot хэштегін теріп, жұмысты бастау және чат-боттың сұрауларын орындау қажет», - деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитетінде.
Барлық сұрақтар бойынша МКК-нің байланыс телефонына
+7 701 707 1411 whatsapp мессенджері арқылы хабарлама жіберуге болады.